Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
В.А.Сухомлинский
Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест өтті
М.Қозыбаев атындағы СҚУ “Sanaly urpaq” жобалық кеңсесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы "UniQ" квесті өткізілді. Іс-шараның мақсаты студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта базалық білімін, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды. Агротехнологиялық факультетті ТПП-20 тобының студенттерінен құралған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" атты команда ұсынылды. Квест өткізу қорытындысы бойынша біздің команда 2 орын алды. Құттықтаймыз!
|
|
Кафедра ақ
29.04.2021
