«Байқоңыр – ғарыш айлағы»
12.04.2021 жылы Агротехнологиялық факультетінде Ғарышкерлер күніне арналған «Байқоңыр – ғарыш айлағы» атты викторина өтті.
Викторина мақсаты: XX ғасырдың 2 - ші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру және жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу болды. Аталған викторинаға Агротехнологиялық факультеттің студенттері белсене қатысып, білімдерін көрсетті.
Викторина нәтижесі:
1- орын ТПП-18-к-2 тобының студенті Қырғызбек Ақниет
2- орын ЗиКР-19 к тобының студенті Амиржанова Жибек
3- орын ТПП-18-к-2 тобының студенті Кадырова Арайна