Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Ж-Ж.Руссо
Денсаулық сөмкелері
ҚХР елшілігінің өкілдері М. Қозыбаев атындағы СҚУ Агротехнологиялық факультетіне «Денсаулық сөмкелерін» сыйға тартты. ҚХР елшілігіне біздің қызметкерлерімізге деген қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің ғалымдарымен 5 жыл көлемінде жемісті қызмет етіп, бірлесіп құрылған Агротехнопарк шеңберінде ғылыми жобаларды іске асырып келе жатқанымызды атап өтуге болады, факультеттің 5 оқытушысы серіктес ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өтті, 12 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде бір семестр СБАОШУ -да білім алды!
Кафедра ажош
07.04.2021
