"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Тыңдаушы қатарына қабылдау

30 қазан 2020 жылы 2020-2021 оқу жылында университетіміздің "Foundation" факультетіне дайындық курсына, күшейтілген тілдік дайындық курсына оқуға түскен тыңдаушыларымызды қатарға салтанатты қабылдау кездесуі өтті.

Кездесуге университетіміздің ТжӘЖ жөніндегі проректоры Баимбетов Нұрлан Әбішұлы, СҚО "Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы" РҚБ жетекшісі, "Отандастар Қоры" КеАҚ фронт-кеңсесінің бас сарапшысы Сүйіндіков Арман Масұғұтұлы, сарапшысы Көкбас Жазира, "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедралары қатысты.

 Факультетіміздің 2019-2020 оқу жылындағы белсенді 5 түлегіміз "Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы" РҚБ мүшелік куәлігіне ие болды. Құттықтаймыз!

Биылғы оқу жылында пандемияға байланысты тыңдаушыларымыздың көбі ҚХР, Моңғолия мемлекеттерінде отырып қашықтықтан білім алып жатыр. Қатарға қабылдау кездесуіне аталмыш елдерден тікелей байланысқа шығып, өз өнерлерін көрсетіп, ант қабылдады!

 Кездесуде факультет активтері тағайындалды!

Барлық тыңдаушыларымызды "Тыңдаушы қатарына"  қабылдануларымен құттықтаймыз!

   

29.03.2021