Сөздәйектер галереясы
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.
М.Әуезов
«Жақсылық жүректі жібітеді»
Агротехнологиялық факультетте «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен №2 жатақханада «Жақсылық жүректі жібітеді» атты сырласу сағаты өтті. Іс-шарада факультетінің тілек білдіруші студенттері қатысты. Іс-шара «Алғыс айту күніне» орай ұйымдастырылды. Алғыс айту күнінің пайда болу тарихы жөнінде мәлімет беріліп, шағын видео-ролик көрсетілді. Қатысқан студенттер видео-ролик жөнінде өз ойларымен бөлісіп, алған әсерлерін және бір-бірлеріне деген алғыс тілектерін жазып қалдырды.
Кафедра ақ
25.02.2021
