«Таң Шолпан» байқауы
Қозыбаев университетінде «Музыкалық пәндер» кафедрасы «Таң Шолпан» атты вокалдық аймақтық байқауын РЖКД қолдауымен 11 рет өткізді. Биыл бұл дода ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Шара онлайн- форматта өтті. Ұйымдастырушылар вокалдық мәдениет пен сахналық шеберліктің қалыптасуы мен дамуына жағдай жасауға, дарынды балаларға қолдау көрсету және жастардың рухани тұрғыдан мәдени өсуіне үлес қосуға тырысады.Байқауға 20-дан астам өнерлі жас таланттар қатысты. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың бейнежазбалары арқылы дауыс шеберлігі мен интонация тазалығын, ұжымның ансамбльдік дайындығын, музыкалық шығарманы көркем түсіндіру деңгейлері бойынша бағалады. Сахна төрінде өнер көрсете білу сондай-ақ сахналық образ бәрі де назардан тыс қалмады. Байқау қорытындысы бойынша 6В08301 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» ББ 3 курс студенті Ахын Нұрдәулет ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.