"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.

Цицерон

"Журналистика" кафедрасының оқытушылары грантты жеңіп алды

"Журналистика" кафедрасының оқытушылары Ерлан Оразов, Мария Пономаренко және "PR-журналистика" мамандығының бірінші курс студенті Александра Рудина "Құқықтық Медиа-орталық"ҚҚ ұйымдастырған құқық бойынша медиа-тур аясында шағын-гранттар байқауының жеңімпаздары атанды. Құттықтаймыз!

Қазылар алқасына журналистердің қызметін құқықтық тұрғыдан баяндайтын түрлі тақырыптарда барлығы 15-ке жуық жоба ұсынылды. М.А. Пономаренко мен А. Рудина "журналист этикасы кәсіби қызметтегі жетістіктің кепілі" атты жобаны, "журналист этикасы" пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал жазуға бағытталған жобаны, ал Е. Е. Оразов қатардағы интернет - пайдаланушылар үшін фактчек өткізу бойынша нұсқаулық жасауға бағытталған "Фактчек: шындыққа құқық" жобасын дайындады.

Кафедра жжәғ
22.02.2021