25.12.2020 Агротехнологиялық факультеттің іс – шаралар жоспары шеңберінде СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі инспектор – Зайцева Светлана Николаевнаның шақырылуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.Кездесудің мақсаты-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ өзінің оқуы мен болашағы үшін жауапкершілікті насихаттау.Кездесу барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат мәселелерін белсенді талқылады.Инспектор студенттерді белсенді ынтымақтасуға, бей-жай қалмауға, өзінің азаматтық ұстанымын қорғай білуге шақырды, өйткені жеке адамның санасына және дүниетанымның өзгеруіне зиян келтіретін сыбайлас жемқорлықпен осылай ғана күресуге болады.