Медицина қызметкерлері күнімен!

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды! Бүгін Қазақстанның медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде.

Біздің ЖОО-да 2005 жылдан бастап денсаулық пункті жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында университеттің мыңдаған студенттері, оқытушылары, қызметкерлері, ардагерлері мен зейнеткерлері білікті көмек алған. Бүгінде бұл бөлімше 10 корпустың қайта жабдықталған қанатында орналасқан. Мұнда терапевт, гинеколог, офтальмолог, отоларинголог, функционалдық диагностика және ДБ-диагностика дәрігері қабылдайды, физиотерапиялық және емшара кабинеттері жұмыс істейді.

Денсаулық пункті диагноз қою мен амбулаториялық емдеу, алғашқы және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Бұдан басқа, мамандар жыл сайын студенттер мен қызметкерлерге медициналық тексеру өткізіп, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Біздің дәрігерлер – көп жылдық еңбек өтілі бар өз ісінің кәсіпқойлары!

Екінші жыл қатарынан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасы бойынша студенттер мен интерндерді дайындайды. Мұндай мамандарды оқыту-жауапты іс, сондықтан дәріс оқу үшін ЖОО-ға жетекші тәжірибелі дәрігерлер, ғылыми педагогтар тартылады. Сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі, себебі Жоғары медицина мектебіне шетелдік Үндістан мен Бангладештің балалары оқуға түскен.

Жыл сайын ЖОО заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету мақсатында 3D-медициналық симуляторлармен жабдықталған инновациялық зертханаларды сатып алады. Студенттер тәжірибені СҚО ауруханалары мен емханаларында өтеді. Пандемия кезінде біз дәрігер мамандығының қоғам үшін маңыздылығын ерекше сезіндік. Бүгін біз медицина қызметкерлеріне олардың қиын, бірақ біз үшін қажетті осындай еңбегі үшін тағы да алғыс айтамыз! Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан тілейміз! Бақыт, амандық және табыс!

 

21.06.2020