М. Қозыбаев атындағы СҚМУ сайты БСҚТА рейтингісінде 6 орынға ие болды

Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (БСҚТА) Қазақстанның жоғары оқу орындарының веб-сайттарының 2020 жылғы рейтингінің нұсқасын ұсынды (https://iqaa-ranking.kz/rejting-vuzov/rejting-vuzov-kazakhstana-2020/rejting-veb-sajtov-kazakhstanskikh-vuzov-2019 ).

Дәстүрлі әдістеме бойынша веб-ресурстардың көлемі, ақпараттық толтыру, жаңартылу, жылдамдық, дизайн және навигация ыңғайлылығы, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылу, келушілердің саны, әлеуметтік желілер, сондай-ақ сайтқа сілтемелер бағаланды. 

Аталған критерийлер үшін балл сомасы бойынша www.nkzu.kz М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 6 орынға орналасып, бір жыл ішінде өз позициясын 2 сатыға жақсартты (2019 жылы 8 орында болды). Бұл ретте біздің сайтымыз "ақпараттық толықтыру (ұсынылған құжаттар саны)" критерийі бойынша 4 орынды және "веб-сайт өлшемдері (веб-беттер саны)"критерийі бойынша 5 орынды иеленді.

Рейтингте ҚР ЖОО-ның 100-ге жуық ресми ресурстары бағаланды.

16.06.2020