АФ студенттері XII Республикалық студенттік пәндік олимпиададан жүлдегер атанды

Биылғы жылы XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (Алматы қ.) онлайн режимде өтті. Оған 15-ке жуық университет ат салысты, оның ішінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ де бар. Білімділер бәйгесіне қатысушылардың жалпы саны 260-тан асады.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша жеке сынақта Алия Шаймерден - 2 орынды ұтып алды («Агрономия» ББ), оның ғылыми жетекшісі PhD доктор Кантарбаева Э. Е, Дмитрий Федоскин - 3 орынға ие болды («Орман ресурсы және орман шаруашылығы» ББ), ғылыми жетекші а-ш.ғ.к., доцент Савенкова И. В, ал Галина Черникова -3 орынды («Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» ББ) жеңіп алды, жетекшісі а-ш.ғ.к Баязитова К.Н.

Шара 2 екі кезеңнен құралды. Бірінші турда қатысушылар 1 сағат және 30 минут ішінде 50 сұрақты тестілеуден өтті. Екінші кезеңде олар 2 тапсырмадан құралған 10 нұсқа ситуациялық және қолданбалы есептерді жеке орындады. Бұл тапсырмаларға барлығы 1 сағат уақыт беріліпті. Айта кету керек, олимпиада Webex.com платформасында нақты уақыт тәртібінде өткізілді.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері уақытша қиындықтар мен шектеулерге қарамастан, түрлі байқауларға онлайн режимінде қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл студенттеріміздің кәсіпқойлықты дамыту арқылы нарықтағы өздеріне деген сұраныстарын арттыру деген сөз.

02.06.2020