«М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 100 үздік білім алушылары» байқауының қорытындысы шығарылды

Біздің университеттің «Рухани Жаңғыру» әлеуметтік- гуманитарлық зерттеулер институты «100 үздік білім алушылары» байқауын өткізді. Байқаудың әлеуметтік бағыты университетте оқу барысында, ғылымда, студенттік өзін-өзі басқаруда, спортта, шығармашылықта және басқа да қызмет салаларында өздерін белсенді көрсеткен университет білім алушыларын анықтау және көтермелеу болды. Ұйымдастырушылардың міндеті-талантты жастарды ынталандыру және белсенді жастарды белсенді өмір салтына үйрету, таңдалған істе табысқа жету болып табылады.  Онлайн іріктеуге  97 өтінім түсті.

Сарапшы комиссияның шешімі бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 35 студенті  байқаудың жеңімпаздары атанды.  Байқау «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ЖОО-ның жұмыс жоспарына сәйкес  «100 жаңа тұлғасы» арнайы жобасы аясында өткізілді.

21.05.2020