М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстанда ең жоғары сұранысқа ие университеттер қатарынан анықталды

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жалпы рейтингтің алғашқы 20-на кіріп, 13-орынға табан тіреді. «Ауыл шаруашылығы және биологиялық ресурстар» бағыты бойынша 9-орынға ие болды. Төтенше жағдайға  байланысты кейбір білім беру ұйымдары қажетті мәліметтерді толық көлемде ұсына алмады, және тиісінше рейтингке қатыса алмады. Биылғы жылдан бастап рейтингке қатысу үшін республика бойынша 89 ЖОО өтінім беріп, 1939 білім беру бағдарламасы тіркелген.

Біздің ЖОО-ның «Коммуникация және коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламалары тобының рейтингінде 1 орын, «Аспап жасау» білім беру бағдарламалары тобында 3 орынға ие болды.

АРТА әзірлеген саралау әдіснамасының маңызды индикаторларына келесі негізгі көрсеткіштер жатады: білім беру сапасының халықаралық танылған көрсеткіші ретінде институционалды және бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеу; адами ресурстардың даму деңгейі (студенттер де, оқытушылар да); жоғары білімді интернационалдандыру, оның халықаралық білім кеңістігіне кірігу; ғылыми зерттеулердің даму деңгейі; жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы түлектерге сұраныс.

2020 жылғы рейтингісінің ең басты ерекшелігі, Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың біліктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын топтар бойынша саралау болып табылады.

16.05.2020