Адал болу оңай!

Басшы қол астындағының іс-әрекетіне дербес жауап береді, ал сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам 10 миллион теңгеге дейін ала алады! Бұл туралы біздің университетте «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен семинарда айтылды.

«ZOOM» алаңында білім ордамыздың проректорлары, бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері жиналды. Спикер - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық департаментінің бас маманы Екатерина Старостина заңнаманың жаңашылдықтары туралы айтып, ведомство халық арасында парақорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалай қалыптастыратынын айтты.

Мысалы, өткізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша респонденттер, олардың ішінде университет қызметкерлері мен білім алушылары, өңірдегі сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейіне «орта» бағасын берді. Бұл дегеніміз, жұмыстар әлі де көп.

Білім беру саласы осы әлеуметтік зұлымдыққа ұшырағаны ешкімге құпия емес, сондықтан оқу орындарының әкімшілігі мен оқытушылары өздерінің әрбір іс-әрекетінің құқықтық салдары туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар осы мәселеде белсенді азаматтық ұстаным танытқаны маңызды.

Семинарға қатысушылар рефераттарды, СӨЖ, курстық және дипломдық жобаларды жалдамалы орындаушылар туралы маңызды тақырыпты қозғалды. Оларды анықтау мониторингін «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі үнемі жүргізеді, алайда олар үшін заңнамалық жауапкершілік көзделмеген. Сондай-ақ, іс-шара барысында университет қызметінің үдерістерін цифрландыру қажеттілігі туралы сөз айтып, жатақханаға онлайн-форматта орналастыру бойынша «пилоттық» жобаның оң тәжірибесін атап өтті.

13.05.2020