МЖҒФ құттықтайды !!!

5.05.2020 С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастырумен онлайн- форматта география пәні бойынша XII Республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстанның әр жоғары оқу орындарынан 17 команда қатысты. Біздің университет командасы алтын медальға ие болды. Студенттеріміздің әрбір жеңісі университетіміз үшін үлкен мақтаныш.

«География» мамандығының 3 курс студенттері Алешин Алексей мен Төлеген Нұрай командалық есепте 1 орынды жеңіп алды. Студенттер Қазақстанның физикалық географиясы, әлемнің экономикалық және әлеуметтік географиясы, материктер мен мұхиттар географиясы және басқа пәндер бойынша тапсырмаларды сәтті орындап шықты.

Математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің «География және экология» кафедрасының оқытушылары мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

  

06.05.2020