М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Республикалық олипиада өтті

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті экономика, электроэнергетика және педагогикалық ғылымдар бойынша XII Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңін өткізді.

Осындай зияткерлік сайыстарда біздің университет командасы жеңімпаз атанды. Елдегі карантиндік шараларға байланысты биылғы олимпиада BigBlueButton платформасында мемлекеттік және орыс тілдерінде онлайн-форматта ұйымдастырылды. «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша Қазақстанның 6 жоғары оқу орнының магистранттары бақ сынады. Олар: видео-презентация, ғылыми мақалаға пікір жазу және үй тапсырмасын ұсыну байқауларында да білімдерін көрсетті.

Нәтижесінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы гран-при,
1 орынды- Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
2 орынды- Абай атындағы ҚазҰПУ және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ;
3 орынды-  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командалары иеленді.

«Экономика» мамандығы бойынша төрт жоғары оқу орнынан 7 команда қатысты. Студенттер «Кәсіпорын экономикасы», «Макроэкономика» және «Микроэкономика» пәндері негізінде құрылған үш тапсырманы шешу қажет болды.

Нәтижесінде 1 орынды – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
2 орын – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, және Қарағанды экономикалық университеті,
3 орын – М.Әуезов атындағы ОҚМУ және Жәңгірхан атындағы БҚАТУ құрама командалары жүлделі орындарды иеленді. 

Электроэнергетикасы бойынша студенттік құрамаларды еліміздің 9 университеті таныстырды. Студенттер нақты учаскедегі әртүрлі кернеу сыныптарындағы электроэнергетикалық объектілердің сипаттамалары мен парамертрлерін есептеді.

1 орын –Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,
2 орын -  Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті,
3 орын - М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы студенттері осындай жүлделі орындарға қол жеткізді. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алда жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!

06.05.2020