Ғылым мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді

Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі мен өзектілігі - жоғары мектептің базалық элементтерінің бірі. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да бірқатар іргелі және қолданбалы жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде ҚР БҒМ гранттары бойынша және шетелдік әріптестермен бірге.

Онлайн-семинарда ғылымды ынталандыру, сондай-ақ ЖОО-дағы инновациялар оның қызметін жетілдіру факторы ретінде талқыланды. Іс-шара барысында ғылым дамуының мәселелері мен келешегі жайлы сөз қозғалды. Халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалардың жарияланымдарына ерекше көңіл бөлінді.

Enago брендінің ТМД елдері бойынша аймақтық менеджері Раина Зиятдинова Enago академиялық редакциялау және аударма қызметі арқылы ғылыми мақалалардың жарияланғаны туралы әңгімеледі. Ол 125-тен астам елде зерттеушілермен серіктесіп, олардың жұмысын жақсарта отырып, және жарияланым белсенділігінде табысқа қол жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ, іс-шарада М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдары мен қызметкерлері академиялық ағылшын тілін үйрену жайлы және жобаларды коммерцияландыру мәселелері аталды.

30.04.2020