Сәулет жобалар сайысы

2019 жылдың 12 желтоқсанында  Инженерлік және сандық технологиялар факультетінде, "Құрылыс және дизайн" кафедрасында "Құрылыс" мамандығының екінші курс студенттері қатысқан архитектуралық жобалар сайысы өтті. Байқауға түсіндірме жазбадан және сәулет-құрылыс сызбаларының екі парағынан тұратын жобалар ұсынылды. Түсіндірме жазбада жобаланып отырған тұрғын үйдің көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдері мен мансардалар, функционалдық үдерістің сипаттамасы, құрылыс алаңының табиғи-климаттық және гидрогеологиялық жағдайлары; іргетастарды салу тереңдігінің есебі және қоршау конструкцияларының жылу техникалық есептері, сондай-ақ қасбеттердің әрленуінің сипаттамасы келтірілген. Графикалық бөліктің парақтарында: қасбеттер, қабаттар жоспарлары,  шатырдың жоспары, іргетас элементтерінің орналасу сұлбасы және жабынды көрсетілген.

Байқау жеңімпаздары анықталды: Қ-18 тобының студенттері Герлинская Регина, Валь Виктория, Оверко Дарья, Тоқтар Мадина, Шакирова Мадина, Кузнецова Наталья.

06.03.2020
Кафедра СиД