Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай -дана, Абай -дара» атты эссе конкурсы өтті

2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында білім ордамызда «Абай -дана, Абай -дара» атты эссе конкурсы өтті.

Қазақтың бас ақынының мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауға «Журналистика» кафедрасының 1-3 курс студенттері қатысты. Олар берілген тақырыптар бойынша эссе жазып, ақынның өміріне тоқтала кетті. Өткізілген шараның мақсаты ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Студенттердің білімге деген құштарлығын арттыру. Шарада сөз сөйлеген профессор Зарқын Тайшыбай бүгінгі өткізіліп жатқан шараның өзектілігіне де тоқтала кетті.  

Бүгінгі іс-шараға барлығы 60-қа жуық студенттер қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Конкурс нәтижесі бойынша студенттерді «Ғылым таппай мақтан ба», «Қара сөз», «Аударма», «Поэтика мен эстетика» номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталды.

05.03.2020