Семь школьников СКО завоевали гранты ректора в IIІ областной педагогической олимпиаде, посвященной 175-летию Абая Кунанбаева

СҚО 12 аудандарынан және Петропавл қ. біздің ЖОО-ға өтіп жатқан ректор грантының сайысына түсті. Университет басшылығы ұйымдастырған сайысқа 130-дан қатысушылары өз бақтарын сынады. Облыстық педагогикалық олимпиада университетте үшінші рет өткізіліп, мұғалім мамандығының жастар арасында қаншалықты сұранысқа ие екендігін көрсетті.

Бірінші турда мектеп оқушылары "Неге мен мұғалім мамандығын таңдаймын?" тақырыбында эссе жазды, содан кейін түлектер өз бейнероликтерін ұсынды. Ал үшінші турда тестілеуден өтті. Олимпиада биология-химия, ағылшын тілі - тарих, тарих-география, орыс тілі - әдебиет, математика - физика, биология - география, қазақ тілі - қазақ әдебиеті және басқа да тіл пәндері бойынша өткізілді.

Сонымен қоса оқушылар үшін университетіміз бойынша экскурсия жүргізіліп, білім ордамыздың ғимараттарымен таныстырды. Іс-шараның жабылу салтанаты концерттік бағдарламадан басталып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттаумен аяқталды. Мектеп оқушыларына және ата-аналары үшін университетіміздің белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетіп, қуаныш сыйлады. Оған қоса жеңімпаздар жеңістеріне қуанып, көңіл күйлерін жасыра алмады.

Нәтижесінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының гранты бұйырды:

1. Аружан Хамитова, Бексейіт мектебі Мамлют ауданы; 

2. Алена Филатова, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі Петропавл; 

3. Дарья Гончарова, Покровская мектебі Мамлют ауданы; 

4. Аиде Прокопьева, украин мектебі Жамбыл ауданы; 

5. Қайыр Жайық, Алкатерек мектебі Ақжар ауданы; 

6. Аружан Сатыбалдиевна, №1 қазақ мектебі Шал ақын ауданы;

7. Ольга Соложенцева, Налобинск орта мектебі Қызылжар ауданы

04.03.2020