Дөңгелек үстел

2020 жылғы 20 ақпанда  «Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру  теориясы мен әдістемесі» кафедрасында «Білім беру бакалаврларын даярлауды жетілдірудегі жұмыс берушілердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: түлектер мен студенттердің жұмысқа орналасуы және кәсіби тұрғыда өсуі аясындағы ЖОО және білім беру ұйымдарының келешектегі ынтымақтастығын талқылау.

Іс-шараға мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары (№32 орта мектеп, 42 орта мектеп, «Нұрсәт» б/б, «Дарын» мектеп-лицейі), кафедраның ПОҚ, 6B01201  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» және  6В01301 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша студенттері қатысты сонымен  қатар  Солтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасының бас маманы Айткожина Жанаргүл Армиянқызы қатысты, ол Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында жұмысқа орналасудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы хабарлады.  

            Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер қарастырылды:

-                        М.Қозыбаев ат. СҚМУ жұмыс берушілермен сабақтастығы.

-                        ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері және оларды шешу жолдары.

-                        6B01201  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» және  6В01301 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалар мазмұнын жетілдіру.

-                        Модульдік білім беру бағдарламаларын және элективті курстардың каталогтарын талқылау.

21.02.2020