Мәдениетаралық келісім дәстүрлерін нығайта отырып, университетте орыс мәдениетінің күндері өтті

Екінші ғимараттың фойесінің сахнасында университет студенттері мен оқытушылары үшін орыс халқының мәдениті күні өтті. Қазақстандық орыс қоғамдастығының және «Сібір казактарының бауырластығы» СҚФ өкілдері жиналғандарға олардың мәдениетінің, дәстүрінің, шығармашылығының және тағамдарының ерекшеліктерімен таныстырды. «Звонница» ансамблінің танымал әртістері лирикалық және отты халық әндерін қозғап, көрермендерді баурап алды. Балалардан құралған хореографиялық топ орыс халқының билерін көрсетті.

Іс-шараға қатысушылар ұлттық ойындарда кездесіп, хош иісті шай қосылған дәмді ірімшіктер мен пирогтардан дәм татты. Көрмеде қолөнер бұйымдары ұсынылды: қайың қабығының ерекше бұйымдары,сонымен қатар орыс түстерімен боялған ағаш ыдыстар. Көрермендерді орыс халқының өнері, әдебиеті және тарихы туралы кітап қызықтырды. Оған қоса дәстүрлі самовар мен орыс қуыршақтарыда көрменің сәнін келтірді.

Студенттер жаппай мерекелерге қатысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, көрермендермен бірге билеп, ән айтты. Мұндай іс-шаралар М. Қозыбаев атындағы  СҚМУ-ға басқа елден оқуға келгендер үшін ерекше маңызды. Сондықтан олар біздің мәдениетті, дәстүрді сезініп, өздері туралы баяндап, біздің студенттермен жақсы қарым-қатынас жасайды. Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстанның бай этномәдени әртүрлілігінде этносаралық қатынастар мен толеранттылық нығая түсуде.

Университеттегі ҚХА кафедрасы Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі этностардың мәдениетіне арналған іс-шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастырады. Сондай-ақ, «Халықтану» оқу дәріс залы аясында «Орыстар», «Орыс халқының конфессиялық әртүрлілігі» дәрістерін үш тілде, әдеби сурет салатын бөлмеде, Масленица фестивалінде және орыс драма театрына келген студенттерде өткізу жоспарланған.

12.02.2020