«Book dating» атты студенттер марафоны өтті

Киелі қазақтың  дана әрі дара ақының бірі  Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойы қарсанында book dating атты кітап марафоны университет жатаханасында өткізілді. Сайыста білімгерлер 4 топқа бөлініп,өз ойларын ұшқыр айта білді.Әр топ өз жатаханаларының намысын қорғау мақсатында 4 тур бойынша сайысты.

1 тур «Абай жолы» романы бойынша электронды түрде сұрақжауаптар.

2 тур Абай Құнанбаевтың өмірі жайлы жазбаша сұрақ жауаптар.

3 тур «Абайға арнау» студенттердің Абай Құнанбаевқа арнау өлеңдері

4 тур  Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан үзінді ( ән, өлең).

Сайысты қорытындылай келе студенттеріміз тапқырлық танытты. 1 орынды 3 жатахана студеттерінен құралған «Сегіз аяқ» тобы. 2 орынды 1 жатахана «Болашақ педагог»  иеленсе, ал 3 орынды «Жас маман 2022» тобы қанжығаларына байлады.  Сайыс соңында студенттер дипломдармен марапатталды.

12.02.2020