Оқытушылар мен қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті

15-16 қаңтарда  «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы аясында университет оқытушылары мен қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Турнирге төрт факультет және әкімшілік-басқару құрамы өз командаларын ұсынды.

Қарқынды спорттық шайқастардың нәтижесінде ПФ күтілгендей бірінші орынды жеңіп алды. ТЭжҚ факультеті оқытушылары екінші болды, ал үшінші орынға әкімшілік- басқару құрамы лайықты деп танылды.

Айта кетсек, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің арасындағы спартакиада биыл спорттың 12 түрі өткізіледі. Бұл біздің алдымызда әлі де көптеген қызықты жарыстар бар екенін білдіреді.

 

16.01.2020