Агротехнолоогия факультетінің оқытушылары а.ш.ғ. кандидаты Жантлеуов Данияр Амангелдіұлы және Агрономия және орманшаруашылығы кафедрасының меңгерушісі PhD доктор Тоқтар Мұрат 2019 жылдың 22 қарашасынан 2 желтоқсан аралығында Қытай Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінде бір жол бір белдеу бағдарламасы аясында мал шаруашылығы фаультетінің профессоры Yang жетекшілік ететін «Қытай мен Қазақстандағы мүйізді ірі қара малдарды зерттеу және тәжірибе алмасу» тақырыбыдағы жобалық жұмысқа қатысып, бағдарламаның 2019 жылығы жоспары орындалды. Осы бағдарламаға қатысу барысында универсиеттің проректоры Chen Yulin мырза аранайы кездеу өткізіп, барлық жұмыстарға қолдау көрсететіндігін және ізгі ниетін білдірді.
Жобалық жұмыстың мақсаты бойынша Шанси провинциясының Ниңша, Гансу, т.б,. облыстарының бірнеше ірі шарауа қожалықтарында етті және сүтті бағытта сиыр, етті және жүнді бағытта қой, түбітті және сүтті бағытта ешкі өсірудің замануи технологияларымен қамтамасыз етілген, ғылыми және өндірістік тұрғыда сәйкестікті жолға қойған, ет, сүт өнімдерінің халықаралық стандарттарға сәйкестендіру негізінде мал тұқымдарын асылддандырудың озық үлгілерін пайдалануды жолға қойған, мал-азықтық өнімдерінің автоматтандырылған жүйесін және мал шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу технологиясын жақсы жетілдіріген, шараусын дөңгелетіп отырған ірі шаруақожалықтарымен және олардың басшыларымен мамандарымен кездесіп, тәжірибе бөлісіп, елімізде мал шаруашылығын өркендетудің көп мәселелерін көңілге түйіндедік.
Сондай-ақ, осы іс-сапар барысында университетте өткізіліп жатқан халықаралық 5 кезекті «Сиыр етін жақсарту және Қытайдағы индустрияландыру» тақырыбындағы ғылыми-конференцияға қатысып, конференция аяқталған соң малшаруашылығы, факультетінің деканы және оқытушылары ұжымы докторанттр және магистрантардың қатысумен дөңгелек үстел өтті, екі елдің мал ашаруашылғы және мал-азықтық өндірісі бойынша өзекті тақырыптар талқылынды. Оқытушылардың, жас мамандардың бірлесіп ғылыми-жобалық жұмыстар жазу, тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелеріде талқыланды.