Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Әл-Фараби
«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел.
Агротехнологиялық факультетте еліміздің басты мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздіктің 28 жыл ішіндегі Қазақстанның жетістіктері мен жеңістерін көрсету, отансүйгіштікке, сүйіспеншілікке, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу. Дөңгелек үстел басында студенттер мен оқытушылар арасында қызықты сұрақтар талқыланды.
19.12.2019
