«Тәуелсіздікті жырлаймыз!» атты ән фестивалі

 

«Тәуелсіздікті жырлаймыз!» атты ән фестивалі

Жауаптылар: ф.ғ.к, доцент Қошанова Ж.Т., ф.ғ.к, доцент Жуанышпаева С.Ж., магистр Макашева С.М.

Манаш Қозыбаев атындағы  Солтүстік  Қазақстан мемлекеттік  университетінде «Тәуелсіздікті жырлаймыз!» атты Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күніне арналған ән фестивалі осымен төртінші   рет  өткізіліп  отыр.  Бұл  шараның басқа шаралардан  ерекшелігі де сол – ән  фестивалінде шырқалатын  барлық  әндер туған елге деген  патриоттық  сезiмі, сүйiспеншiлiгі сахна төрінде ән болып қалықтап, Қазақстанның   кең  даласы  жыр болып тербеліп, залда  отырған көрермендерге бұл күнді қуанатын, серпілетін, тойлайтын мереке екенін сезіндіру болатын.  

Осы мақсатты ұстанған әр  факультетінің қатысушы- студенттері  белгілі  бір композитордың әнін  ортаға салып, өз өнерін көрермендерге шашу  етіп, еліне, халқына  тәуелсіздікті  паш етті.

Тәуелсіздік! Әрине, бұл кеудеңді көтере, мақтана жырлайтын қасиетті ұғым. Жәй ғана ұғым емес, аса қадірлі ұғым. «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш кернеу қажет.

Міне, осындай тұғыры биік тәуелсіздік күнін ұйымдастырушылар Практикалық  қазақ  тілі кафедрасы мен Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті, сонымен  қатар  «Нұр  Отан» партиясының Болашақ филиалы. Келтірілген  соңғы ойды  нақтылай  түссек «Нұр  Отан» партиясының басшысы Зель Александр  Викторович жыл сайын филиал  ұжымы атынан жүлдегер студенттерге сыйлықтарын, тәттілерін  ұсынып, қолдау көрсетіп отырады. Осындай шағын да болса ілтипат қатысушыларымызға көңіл күй сыйлап, партияның да атаулы мерекеге жауапкершілікпен қарайтыны оң баға алады. Осы орайда, қолдау көрсетіп  демеушілік жасаған Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментке, «Нұр  Отан» партиясының Болашақ филиалына  үлкен рахмет!

Аталмыш шараға Математика және жаратылыстану  ғылымдары  факультетінің; Тарих, экономика және құқық факультетінің; Педагогикалық факультетінің  және Тіл және әдебиет институтының студенттері белсене қатысты. Әрине шараның  бастапқы жоспар мақсатында оқу ордасының профессор- оқытушылар  құрамы  мен  бөлім қызметкерлері  де сахна төрінде әндерімен көрінсе деген еді. Әзірше бұл болашақтың еншісінде болып тұр.

Кеш соңында жеңімпаздар, белсенді қатысушылар сыйлықтармен, дипломдармен, алғыс  хаттармен  марапатталды.

БАС ЖҮЛДЕ:     Педагогикалық  факультеттің  Мәдени тынығу жұмысы  мамандығы бойынша оқитын Жақсыбай    Ханшабибі   «Туған  жер»   әні.

1-орын: Тіл және әдебиет институтының Орыс  тілі  мамандығында  оқитын   1- курс  студенті   Мурзахан  Мирас  «Туған жер»  әні.

2-орын: Тарих, экономика және құқық факультетінің Туризм мамандығында оқитын 1 - курс  студенті Орехова Лилия  «Астана» әні.

3-орын: Математика және жаратылыстану  ғылымдары  факультетінің Информатика  мамандығында  оқитын 1- курс студенті  Момыш Әлия «Қазақ Елі осындай» әні.

 

18.12.2019