М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да веналық вальс сайысы өтті

Сәнді киінген ханымдар, галантты кавалерлер және қызықты қойылымдар. Біздің университетте веналық вальс сайысы ұйымдастырылды . Бұл сиқырлы кешті студенттік ректорат осымен екінші рет өткізді. Әр факультет ханзада мен ханшайым сайысына қатысу үшін бір жұптан ұсынды.

Бишілер өз өнерлерін 2 апта дайындады, шығармашылық номерлерді ойластырып және өздеріне лайықты костюмдерін таңдаған. Біздің бірінші курс студенттері дебютант рөлінде өнер көрсетті. Қыздар әдемі ақ көйлек, ал жігіттер қара смокингте. Іс-шараның ерекшелігі әр факультеттің жеребе тастау арқылы таңдалған бейнелері болды.

Нұрсұлтан Парахатов пен Наталья Пулатова ТжӘИ-дан өз жұптарын таныстырды. Өз бейнесінде мәңгілік махаббат күшін көрсете алды. Студенттер жеңімпаз атанып, ханзада мен ханшайым атағын жеңіп алды.

15.12.2019