Оқытудың жаңа білімі мен шетелдік тәжірибесі

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттер үшін үнемі шетелдік мамандарды дәріс оқу үшін шақырады. 18 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Агротехнологиялық факультетте сабақтарды Болгария, София қаласының Лесотехникалық университетінің профессоры жүргізді. Александр Ташев "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" мамандығы бойынша білім алушылармен теориямен және тәжірибемен айналысты. Балалар Дендрология, экоботаника және басқа да пәндер бойынша жаңа білім алды. Олар тіпті шетелдік педагогтың тікелей тәлімгерлігімен курстық жұмысты дайындай алды. Жоба тақырыбы Қазақстанның Қызыл кітабынан сирек кездесетін өсімдіктер жайлы болды.

Университетте Агротехнологиялық факультетте студенттері мен оқытушыларына арналған семинар өтті. Мұнда бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылып, одан әрі ынтымақтастық бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, Александр Ташев М.Қозыбаев атындағы СҚМУ кітапханасына кітаптар мен анықтамалық әдебиеттерді сыйға тартты.

 

15.12.2019