Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара

28 қараша күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихи мұражайында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған "Тұңғыш Президент-біздің мақтанышымыз және тірегіміз!" атты ТжӘИ "Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасының РЛ-19 тобының студенттері мен кураторы О. В. Таева  мерекелік іс-шара дайындады. Студенттер 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты негізгі тарихи фактілер туралы айтты. Сондай-ақ, РЛ-19 тобының балалары Тұңғыш Президент туралы қызықты видео көрсетті, онда еліміздің Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек көрнекті тарихи қайраткер ретінде ғана емес, сондай-ақ өзі ән айтатын, өлеңдер мен әндер шығаратын қарапайым талантты адам ретінде көрсетілді. Содан кейін студенттер Тұңғыш Президент өмірі мен жетістіктеріне арналған интеллектуалдық ойын – викторина өткізді.

Тарихи музей қызметкерлері М. Қозыбаев атындағы СҚМУ "Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасының меңгерушісі С. В. Мисяченкоға, РЛ-19 тобының кураторы О. В. Таеваға және РЛ-19 тобының студенттеріне Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараны өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

       

 

                    

                                          

29.11.2019