АШЫҚ ЕСІК КҮНІ.

28 қараша 2019 жылы университетте ашық есік күні өтті. "Қаржы және менеджмент" кафедрасының студенттері мен оқытушылары болашақ талапкерлер - қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Оқушылардың қызығушылығын кафедра бұрышындағы стендтер тудырды, онда олар тек буклеттер алып қана қоймай, сонымен қатар кафедра ұсынған мамандықтардың атрибуттарымен таныса алды. Студенттер арнайы банк жабдықтарын пайдалану дағдыларын көрсетті, ал банкноталардың қорғалу дәрежесін және шынайылығын тексергісі келетіндерден іркіліс болған жоқ. Ресми іс-шарадан кейін, өз өмірін қаржы нарығымен байланыстырғысы келетін оқушылар "Қаржы және менеджмент"кафедрасына барды. Кафедра оқытушыларымен еркін әңгімелесуде жоғары сынып оқушылары кафедрада болатын дайындық бағыттары, студенттік дәстүрлер, ЖОО-да оқитын әр түрлі пәндер туралы білді. Болашақ талапкерлерді оқуға түсу, гранттарды алу мүмкіндігі, бейіндік пәндер, өту балдарының сомасы қызықтырды."Қаржы және менеджмент" кафедрасының мамандықтары бойынша білім алушылардың қатарын толықтыру үшін жоғары сынып оқушылары кафедраның парақшасымен танысып, сұрақтарға жауап алып, университетке жазда келуге уәде берді.

 
29.11.2019