"Кәсіби қызметке кіріспе" пәнін оқу аясында 1курс студенттеріне экскурсия өткізілді

2019 жылы 21 қарашада "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалында "кәсіби қызметке кіріспе" пәнін оқу аясында мемлекеттік тілде оқитын "Қаржы" мамандығының 1 курс студенттеріне экскурсия өткізілді. Банк филиалының қызметкерлері студенттерге ақша деген не, тұрғын үй жинақтарының маңыздылығы және банк салымдарын қорғау туралы айтып берді.Банк қызметкерлері филиалды көрсетіп, студенттерді бөлімдер бойынша өткізіп, әр бөлімнің ерекшелігі туралы әңгімеледі. Балаларға банкте өткізілетін акциялар, депозиттер түрлері туралы айтылды.Біз банк қызметкерлерінің балалармен кездесуі пайдалы болды және қаржыгер мамандығын таңдаудың дұрыстығын растауға көмектеседі деп үміттенеміз.

28.11.2019