ҚР ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрінің университетке келуі

Білім ордамызға ҚР ақпараттық және әлеуметтік даму вице-министрі Данияр Есин келді. Ол студенттер мен университет қызметкерлерінің адалдығын қалыптастыруға бағытталған «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінде болды.   Комплаенс академ офицер Богдан Петров Данияр Нұрашұлына Ұлттық еріктілер желісінің игі бастаманы жеделдетуге бағытталған шағын гранты туралы айтып берді. Университетте ол келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: буккроссинг-алаңы, адалдық дүкені. Университет ғимараттарында студенттерге кеңсе тауарлары мен тамақ өнімдерін қалдырып, мұқтаж адамдар оларды тегін пайдалана алатын «жақсылық сөрелері» орнатылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, бұл күні Данияр Есин М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесінің және «Рухани жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының жұмысымен танысты.

Қатысушылар университетте қоғамдық сананы жаңғырту аясында жүзеге асырылатын жобаларға тоқталды. Бұл СҚО ауылдарындағы ҚР Ұлттық музейімен бірлесе отырып студенттер мен оқытушылар этнографиялық экспедицияның жұмысына белсене қатысып, қазақтардың мәдениетін  тереңірек зерттеп, 30-ға жуық сирек кездесетін ұлттық тағамдарды қалпына келтіріп, қолөнер шеберлерінің мұраларын суретке түсіруге мүмкіндіктері болды.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғалымдарының XV ғасырдағы кесенелерінің  бірегей ашылуы әлемдік тарих үшін маңызды жаңалықтардың бірі болды.   Облыстың Уәлиханов ауданындағы өзеннің төменгі ағысындағы қазба жұмыстары кезінде біздің археологтар Шыңғыс әулетінің билеушілерінің жерленген орындарын тапқан.

25.11.2019