Колледж түлектеріне арналған ашық есік күні!

20.11.2019ж. "Қаржы және менеджмент" кафедрасында кәсіби бағдар беру жұмысы аясында ағымдағы оқу жылының колледж түлектерімен кездесу өтті. Кездесу барысында кафедраның білім беру бағдарламалары туралы бейнефильм, кафедра жұмысының барлық бағыттары бойынша презентация көрсетілді. Сонымен қатар, кездесуде кафедра меңгерушісі – Фоот Ю. В. және оқытушылар кафедраның оқу, ғылыми, тәрбие, кәсіби бағдар беру жұмысы және баспа қызметі туралы айтып берді.Қонақтар оқуға түсуге дайындық ерекшеліктері, оқу мүмкіндіктері, сондай-ақ оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу перспективалары туралы білді.Бірінші курс студенттері қонақтармен алғашқы оқу айлары туралы өз әсерлерімен бөлісті, ғылыми-зерттеу қызметі туралы ақпараттандырды, университеттің спорттық секциялары туралы, жарқын мерекелерді дайындау және өткізу туралы әңгімеледі.

21.11.2019