Ар-намыспен өмір сүріп үйренейік!

Осы ұранмен 21 қарашада университетте ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қатысуымен Адалдық мектебінің ашылуы өтті.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Адалдық мектебі» аясында студенттерге арналған сабақтар, семинарлар және тренингтер коворкинг орталығында өткізілетін болады. Мұнда оның алғашқы студенттері ретінде университет қонақтарын қарсы алды.

Алик Шпекбаев жастармен әңгімелесті, мұндай орталықтар еліміздің барлық жоғары оқу орындарында ашылып жатқанын атап өтті. «Адалдық мектептері» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін құруға және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін оқытуға бағытталған.

Бас комплаенс академ офицер Наталья Побежук академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша университетте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып   М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚР академиялық адалдық Лигасына қосылды, академиялық саясатты әзірледі, «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесін ашты, «Оқытушы студенттердің көзімен» сауалнамаларын үнемі жүргізіп отырады, студенттердің сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, емтихандардың 90% жазбаша түрде өткізіледі, бағалаудың объективтілігі жауап парақтары анонимді әдісімен қамтамасыз етіледі, онда емтихан алушылардың есімдері жеке кодпен ауыстырылады, емтиханға ерікті студенттер қатысады. Барлық оқу бағдарламаларына «Академиялық жазудың негіздері» және «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» пәндері енгізілген. Оқушыларға плагиатқа жол бермеу мақсатында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негіздері, ішкі нормативтік құжаттар, тұтастық қағидалары түсіндіріліп, басқа адамдардың мәтіндерінен цитаталау ережелері түсіндіріледі. Жатақханаға университеттің ресми сайты арқылы қоныс аудару, сонымен қатар спорт секциясына кіру толығымен жүргізіледі.

Ректор м.а. Ербол Исақаев шәкіртақы алушыларға емтиханды «қанағаттанарлық» түрде тапсырған жағдайда да, олардың төлемі оларға жақсы әлеуметтік және материалдық қолдау боларлықтай мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды. Бұл бағалар бойынша жарысты болдырмайды, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтады және студенттерге бағаларға емес, ең алдымен білімге назар аударуға мүмкіндік береді.

Іс-шара қонақтарына университеттің Медиаорталығы дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар туралы бейнеролик көрсетілді. Осындай бейнематериалдарды жасауға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері «Адалдық мектебі» де алда белсенді қатысатын болады.

21.11.2019