Университетіміздің құрметті қызметкері, қоғам қайраткері, ақын, ұстаз Сабыр Ыбраевтың зейнетке шығу кеші

20 қарашада М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Рухани Жаңғыру» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Сабыр Ыбраев 63 жасқа толды. Мерейтой иесін құттықтауға университет басшылығы мен оқытушылары, облыстық мәслихаттың, полиция департаментінің, ардагерлер кеңесінің, «Nur Оtan» партиясының өкілдері келді.

Сабыр Ысмағұлұлы біздің университетте шамамен 20 жыл жұмыс жасады, оқытушыдан проректорға дейін өсті. Жасына қарамастан, ол белсенді және сұранысқа ие: ол «Рухани жаңғыру» ӘГЗ Институтының директоры, облыстық және қалалық ономастикалық комиссияның мүшесі, СҚО полиция департаментінің кеңес беру органы және діни мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Ол көпшілікке өлең жинақтарының, сонымен қатар ғылыми мақалалардың (оның 140-тан астам), монографиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардың авторы ретінде танымал. Оның үлкен ғылыми тәжірибесі мен білімі әрқашан жастар үшін үлгі.

Ректор м.а. Ербол Исақаев  университет атынан мерейтой иесіне жылы лебізін білдіріп, қазақтың ұлттық шапаны мен бас киімін сыйға тартты.

20.11.2019