«Вирустық аурулардың алдын алу»

14 қараша 2019 жылы М. Қозыбаева атындағы СҚМУ Агротехнологиялық факультетінде жоғары санатты дәрігер-терапевт Сактаганова Салтанат Сатыбалдиновна «вирусты аурулардың алдын алу» тақырыбы бойынша студенттер арасында кездесу өткізді.

Кездесу барысында дәрігер студенттерді ЖРВИ және тұмау белгілерімен таныстырды. Осы ауруларыдың қандай ерекшелік белгілері бар. Сонымен қатар, аталған аурулардың алдын алу және емдеу түрлерін атап өтті.  Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Салтанат Сатыбалдинқызы денсаулық сақтау пунктінің координаттарын және қажет болған жағдайда студенттер хабарласа алатын телефон нөмірін қалдырды.

15.11.2019