"Қаржы және менеджмент" кафедрасында қаланың танымал кәсіпкерлерімен бейресми кездесу ұйымдастырылды

2019 жылғы 31 қазанда қаланың танымал кәсіпкері, "Барс-Nord" ЖШС Бас директоры, СҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің басшысы В. А. Богдановпен және "ЦентрКрелит Банкі" АҚ Петропавл қ.филиалының директоры Р. М. Шариповпен бейресми кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттер өз ісін қалай бастау керектігі, қалай іскери болу, қалай мақсат қою және оларға қол жеткізу, бизнестегі тәуекелді жағдайларды қалай болдырмау, бизнесті жүргізудің негізгі принциптері қандай, іскерлік келіссөздер қалай жүргізу, банктен өз бизнесін дамытуға қанша қарыз қаражатын және тағы басқа көптеген сұрақтар қойды. Кездесу достық және еркін жағдайда өтті.

14.11.2019