«Әралуандықтағы бірлік» форумы

2019 жылғы 31 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумы өтті.

Форум көпмәдениетті қоғам, татулық пен келісімді қамтамасыз етудегі мәдениетаралық диалогты нығайту феноменін, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың әралуандықтағы бірлікті дамытуға қосқан үлесін, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияларды зерттеу нәтижелерін талқылау және ой бөлісу мақсатында өткізілді.

Бұл форумда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының постер презентациясы мен Л.Гривенная бөлім меңгерушісінің «Солтүстік Қазақстан облысындағы этнодемографиялық жағдай» атты тақырыбындағы баяндамасы панельдік сессияда тыңдалды.

Форумның нәтижесінде этносаралық сұхбат құру және азаматтық бірегейлікті нығайту, мигранттарды қабылдаушы қоғамдардың бейімделуі мен кірігу бойынша жұмыстар жүргізу, жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін іздеу, қазіргі заманғы сын-қатерлерді талдау және практикалық даму арқылы қоғамдық келісім мен бірлікті одан әрі нығайту қажеттілігі туралы қарар қабылданды, ықтимал қауіптер мен қатерлердің алдын алу бойынша ұсыныстар жасалды.

06.11.2019
ДИО ОПиИК