"И эхом в сердце отзовутся поэтов русских имена" атты мәнерлеп оқу сайысы

 

                                                                                                           

 

Қыркүйектің 26 жұлдызында "И эхом в сердце отзовутся поэтов русских имена" атты "Орыс тілі және әдебиеті" кафедрасының оқытушыларымен ұйымдастырылған мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жас оқырмандар орыс әдебиетінің сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды.Олардың  қатарында А. Пушкин,М. Лермонтов,С. Есениннің шығармалары. Бұл кітап оқуды құндылық ретінде насихаттау, көркем талғамды дамыту,эмоционалды интеллект, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысу арқылы ой-өрісін кеңейту тұрғысынан өте маңызды шара.

Жеңімпаздар қатарында студенттер Мусарипова Дильназ, гр.ТПП19к-1 орын, Камила Құрманова, Ия19к, Айдана Құдайбергенова, Ия19к -2 орын,Жұлдыз Копышева, Ия19к,Данияр Қожахмет,Ю19к,Рустам Мұхаметжанов, МС19к -3 орын.Сонымен қатар, Таласбай Ж - Х(о), 19к Д. Мусина - СПС19к, Д. Садықов - ЛРЛ19к, П. Тұртыбаева - ДОВ19к, А. Қожамберген - Ия19к студенттері "Көркем шығармаға ену тереңдігі үшін","Артистизм","Жеңіске деген жігері үшін"номинацияларымен марапатталды.

Осы сайысқа қатысқан барлық студенттерге табыс тілейміз!

26.09.19.

 

28.10.2019