Жұмыс сапарымен Ернар Баянғазин М.Қозыбаев атындагы СКМУ-да болды

Біздің университетке ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің және "Қызылжар — адалдық аланы" жобалық кеңсесінің өкілдері келді.Университет ұжымымен кездесуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин өңірде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы айтып берді. 

Ректор Серік Өмірбаев университеттің қызметі Академиялық адалдық пен парасаттылық принциптеріне негізделгенін атап өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді. Университеттін оқытушылары, қызметкерлері мен студенттерінің Ар-намыс кодексі қабылданды.

2018 жылдың тамыз айында біздің университет Академиялық адалдық Лигасына кірді. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында үнемі "Оқытушы студенттер көзімен", "Таза сессия" акциясы өткізіледі, сенім телефоны және ректордың блогы жұмыс істейді.Бұдан кейін қонақтар "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің, "QYZYLJAR" студенттерді тіркеу және қызмет көрсету орталығының жұмысымен, сондай - ақ буккроссинг-аймағымен танысты.

11.10.2019