Студенттер Кирилл Филоновтың кітабының тұсаукесеріне қатысты

М.Қозыбаев  атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде жазушы Кирилл Филоновқа және оның «Не есімде қалды» атты екінші кітабына арналған шығармашылық әдеби-кеші өткізілді.

Кирилл Николаевич - біздің жерлесіміз,  өмірі шығармашылыққа толы адам. Теміржолда инженер болып жұмыс істегеніне қарамастан, әдебиетке деген сүйіспеншілік әрқашан оның өмірінің ажырамас бөлігі болды. 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін М.Аверин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әдеби бірлестігінің төрағасы. Оның еңбектері провинциялық әдеби-көркем журналда жарияланды. Автор «Мен сенімен сөйлескім келеді», «Консонанс» ұжымдық жинақтарында шығармалары шығып тұрды.

2018 жылы жазушы «Жақын адамдар» атты алғашқы кітабын шығарды. Шығарманы жазу уақыты жазушыны 6 жылға созды. Сонымен, 2019 жылы шығармашылық кешке арналған «Не есімде қалды» атты кітап жарық көрді. Оған Кирилл Филоновтың шығармашылығын сүйіп оқитын,  оқырмандары, сондай-ақ жаңа әдебиетке қызығушылық танытқан оқытушылар мен студенттер қатысты. Автор әр кітаптың әсерін мұқият тыңдап, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

02.10.2019