М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚР Президентінің жолдауы талқыланды

2019 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты республикалық конференция өтті.

Отырысты ашқан ректор Серік Өмірбаев бұл конференцияның өтілуі  Президенттің жолдауын жан-жақты талқылау және профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерді осы құжатта көрсетілген іс-шаралар кешенін іске асыру үшін белсенді жұмыс атқару мақсатында өткізіліп жатқандығын атап өтті. Мемлекет басшысы елдің табысты дамуына бағытталған экономикалық және әлеуметтік сипаттағы нақты қадамдардың тұтас бір қабатын ұсынды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы Бағдат Мұқанова өз сөзінде жастарды мемлекетті модернизациялаудағы рөлі туралы айтып, президенттік жастар кадрлық резервінің құрылуы туралы баяндады.

Жалпы, конференция көрсеткендей, Мемлекет басшысының Жолдаулары университет ұжымы мен студенттері арасында қызу талқыға түсіп,  кең қолдау тапты.

 

30.09.2019