Аймақтық "Полиглот" байқауы

2019 жылдың 26 қыркүйегінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың "Практикалық қазақ тілі" және "Шет тілдері" кафедраларының ұйымдастырылумен, "Nur Otan" партиясының "Болашақ" филиалының қолдауымен жоғары және арнайы оқу орындары студенттері арасында аймақтық "Полиглот" байқауы өткізілді. Бірнеше кезеңдерден құралған байқауда студентттер өз білімдерін бағалап қана емес, сонымен қатар шыңдай да алды. Байқаудың мақсаты - жастардың арасында көптілділікті рухани құндылық ретінде насихатту, оларды толеранттылыққа, мәдениетаралық коммуникациялық құзіреттілікке тәрбиелеп, тіл үйренуге ынталандыра түсу. Байқаудың соңғы бөлімі бойынша студенттер Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласына қатысты өз ойларын ортаға салды. Байқауға қатысушы командалар барлық тапсырмаларды мүлтіксіз орындап шықты. Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды Теміржол колледжі құрамасы; 2-ші орынды ҚР Ұлттық ұланының Әкери институты; 3-ші орынды Жоғары мдициналық колледжі иеленсе, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ және Өнер колледжінің ұжымы мадақтама қағаздарымен марапатталды.

28.09.2019