М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-не Молдова республикасынан профессор Дорин Лозовану келді

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Молдовадан профессор Дорин Лозовану келді. 2019 жылдың 23 қыркүйек пен 6 қазан аралығында «География және экология» кафедрасының студенттері мен магистранттарына сабақ өткізеді, сондай-ақ оқытушыларға ғылыми кеңес беруді жүзеге асыратын болады. Шетелдік маман «Халықаралық туризм географиясы» және «Этномәдени туризм» тақырыбы бойынша дәрістер дайындады, университет қабырғасында оқитын болашақ тарихшы мамандар мен туризм бизнесінің менеджерлері дәріске қатыса алады.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің мұғалімдері мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін Қазақстан мен Молдавияда педагогикалық тәжірибе алмасу және оқу процессін ұйымдастыру бойынша семинарлар өткізу жоспарлануда.

Дорин Лозовану – г.ғ.д. Молдавия ғылым академиясының экология және география институтының жетекші ғылыми қызметкері, Молдова география және этнология қауымдастығының Президенті. Профессор өз отанында 3 университетте сабақ береді, Ұлттық этнография және табиғат мұражайында жұмыс істейді. Еуропадағы посткеңестік университеттерде, сондай-ақ Канадада, Тонго Корольдігінде тағы басқа қалаларда оқытуда мол тәжірибеге ие.

«Қазақстанда академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқасында бірінші келуім, және қазақ жерін тамашалауға осындай керемет мүмкіндік туғанына  өте  қуаныштымын.  Мен бұл ел туралы көп мағлұмат алғым келеді, және өз тәжірибем мен пайдалы білімімді студенттермен бөлісуге дайынмын», -деді профессор Дорин Лозовану.

25.09.2019