ҚР Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел

Жыл сайын 30 тамызда біз мемлекеттік мейрамдардың бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз. Осы күн қарсаңында біздің ЖОО-да "ҚР Конституциясы- Қазақстан қоғамының тұрақтылығы мен әл-ауқатының кепілі" атты дөңгелек үстел өтті.

Сабыр Ибраев "Рухани жаңғыру" әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институтының директоры, іс-шараны аша отырып, ел тарихында 5 Конституция: 3 – кеңес кезеңінде, 2- егеменді мемлекетте қабылданғанын еске салды. Біз үшін бұл маңызды құжат "Қазақ заңдарының жиынтығы" және әлемдік демократиялық тәжірибесін пайдалану арқылы би институты негізінде жасалды. Және бұл оның бірегейлігі.​

Облыстық мұрағат директоры Сәуле Маликова 1995 жылы СҚО-да референдумның қалай өткенін айтып берді. Сол кезде халықтың 80%- дан астамы жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс берді. Біздің басты заңының құрылу тарихын талқылай отырып, іс-шараға қатысушылар біздің Ата Заңымыздың жоғары құндылығы, оның құқықтары мен бостандықтары жөнінде жарияланған қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне кепілдік беретіндігін атап өтті.

29.08.2019