Еңбек ардагері Наталья Белецкая -80 жасқа толды

26 тамыз күні біріне ұстаз, біріне әріптес, енді біріне үлгі тұтар жан  бола білген еңбек ардагері Наталья Белецкая 80 жасқа толды. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің георграфия және экология кафедрасының профессоры өмірінің 60 жылын ұстаздық жолға арнапты.

Наталья Белецкая 1939 жылы 26 тамызда Свердловск облысында дүниеге келген. Азаматшаның әкесі соғысқа аттанған соң, отбасы өңірімізге қоныс аударады. Қиын-қыстау уақытта нәзікжандының анасы Прасковья Ивановна ұл-қыздарының тәрбиесіне ерекше мән берген екен. Ол бес баланың барлығын оқытыпты. Мәселен, Наталья Петровна Петропавл педагогикалық институтын тәмамдайды. Кейін, оқу орнында қызмет етуге қалады.

Наталья Белецкая өңіріміздің дамуына да мол үлес қосқан. Мәселен, табиғатты қорғауға бағытталған бірнеше жоба мен әдістемелер әзірлепті. Тағы, геоэкологияға байланысты 10-ға жуық кітап  Жерлесіміз ұстаздық қызметте жүздеген жасқа білім нәрін сіңіріп, үлкен өмірге қанат қақтырды. Көпшілігі қазір лауазымды қызмет атқарады. Араларында оқытушыларының жолын қуғандар да бар. Бүгінде олардың кейбірі- факультет декандары. Бір қуантарлығы, шәкірттер мұғалімдерін ұмытпайды. Үнемі хабарласып, амандық сұрасып тұрады екен. Бұл жолы да солай болды. Азаматшаның шәкірттері профессорды 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жылы лебіздерін мен тілектер білідірді.


Жерлесіміздің төккен тері елеусіз қалмады. Наталья Белецкая– білім саласында бірнеше рет құрметке бөленген жан. Ол кісінің жасаған еңбектері өзінің шәкірттеріне үлгі боларлықтай.

28.08.2019