М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Мектепке жол» акциясы

1 маусымнан бастап республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы  бүкіл елді-мекендер бойынша жүріп жатыр. Оның мақсаты көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде қаржылық көмек көрсету. Бұл игі істен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ  алшақ қала алмады.

2019 жылдың 23 тамызында мерекелік жағдайда 20 шақты балаға кеңсе тауарлары бар рюкзактар, сондай-ақ құны 300 000 теңге тұратын киім мен аяқ киім алынды. Бақытты алушылардың қатарында осындай қолдауды қажет ететін университет қызметкерлерінің балалары бар. Сондай-ақ көп балалы отбасылар. Мәселен, Ирина Гордеева төрт баланы тәрбиелеп отыр, барлығы оқушылар.  Үлкен қызы- 10 сынып оқушысы, ең кіші баласы осы жылы 1 сыныпқа аяқ басады. Ирина Гордеева үшін университет тарапынан көрсетілген қолдау күтпеген қуанышқа әкеліп соқты.

Балаларға сыйлықты университет ректоры Серік Өмірбаев табыстады. «Мен, кішкентай достарымызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Оқу жылында жаңа табыстарға қол жеткізуді тілеймін. «Мектепке жол» акциясы республикада 11-ші рет өткізіліп отыр. Атаулы көмек көрсету жөніндегі біздің бастамамызды облыстық білім басқармасы мен «Nur Otan» партиясының «Болашақ» филиалы, СҚМУ жұмысшыларының кәсіподақ комитеті мен  СҚМУ студенттер кәсіподағы қолдады.  Біздің студенттердің осындай қоғамдық жұмыстарға белсенді екендерін көру  өте қуанышты », - деді университет  ректоры.

Оқушылар бірден рюкзактарын  иықтарына асынып, күнделіктер мен дәптерлерін аша бастап, мәз-мейрам болды. Олардың ата-аналары өз балаларына көрсетілген қамқорлық пен көмек үшін ризашылықтарын білдірді.

23.08.2019