Қытайдың Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман университетімен әріптестік жалғасуда

Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман университетімен ынтымақтастық 2017 жылдан бастап, ауыл шаруашылық білім беру және Жібек жолының ғылыми инновациялары Альянсының қызметі аясында жүзеге асырылуда.

Осы уақыт арасында қытайлық серіктестермен тығыз ынтымақтастық қарым - қатынас жүргізілуде: Агротехнопарк ашылды, шағын габаритті ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, отандық және шетелдік селекция дақылдарын өсіру бойынша бірлескен зерттеулер жүзеге асырылуда. Сонымен қоса, ҚХР-да агротехнологиялық факультетінің оқытушылары тағылымдамадан өтті. Аталмыш шараға, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері де қатысты. Қазіргі уақытта докторантурада және магистратурада біздің 3 түлек білім алуда. Ал оқу ордамызда Аспан асты елінен 2 ғалым өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жөнінде дәріс берді. Бұл тек өзара тиімді қызметтің басы ғана.

2019 жылғы 21-23 тамыз аралығында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ  Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман университетінің профессоры, Агрономия факультетінің деканы Шан Вейсин келді. Сапардың басты мақсаты "Биотехнология" бағыты бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасын құру.  Картоп өсіру-СҚО болашағы зор сала. Оның белсенді өсуіне климат пен топырақ құрамы қолайлы. Сондықтан осы зертханада ауруға төзімді сортты алу жоспарлануда.

Тиісті ғылыми кадрларды даярлау туралы шешім алдын ала қабылданды. "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі Тоқтар Мұрат (PhD докторы) Топырақтану бойынша кәсіби тренинг жұмысына қатысты. Ал, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары, доценттер Алтын Шаяхметова және Инна Савенкова, магистр Светлана Пучкова картопты вируссыз өсіру және жаздық бидайдың перспективалы сорттарын бөлу бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Бұл жолы Шан Вейсин жоғары оқу орны мен АФ басшылығымен болған кездесуде ынтымақтастықты тек аграрлық салада ғана емес, одан әрі орнатуға үміт білдірді. Солтүстік-батыс орман және ауыл шаруашылығы университеті Ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандарды даярлау бойынша Қытайда ең үздіктердің бірі болса да, өзге бағыттарды да дамытуға ниетті. Онда барлығы 25 факультет бар: заң, техникалық және т.б. Ал, Қазақстанда ол тек 3 университетпен тығыз қарым - қатынаста.

Кездесудің екінші бөлімінде, ҚХР қонағы біздің ғалымдармен бірге Агротехнопаркті аралап, зерттеу барысымен танысты.

22.08.2019