Ардақты ұстаз Владилен Поляковтың 75-жылдық мерейтойы аталып өтті

2019 жылдың тамыздың 19 күні  химия ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Владилен Васильевич Поляков өзінің 75-жылдық мерейтойын атап өтті. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ конференц-залында мерейтой иесін салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды, оған тек Владилен Васильевичтің әріптестері ғана емес, оның достары мен сүйікті студенттері де қатысты.

Аталмыш шараны, университетіміздің ректоры Серік Өмірбаев ашты. Ол өзінің құттықтау сөзінде Владилен Васильевичтің оқу ордамызға сіңірген елеулі еңбегін атап өтіп, ғалымға Құрмет грамотаны табыс етті. Сонымен қоса қазақтың ұлттық киімдерінің бірі шапанды ұлы ғұламаның үстіне жапты.

Поляков Владилен Васильевич 1944 жылы 16 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Химия" мамандығы бойынша тәмамдаған.  Өз еңбек жолын 1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде ғылыми қызметкер лауазымында бастады. 1980 жылы Владилен Васильевич  К.Д.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтына химия кафедрасының оқытушысы ретінде жұмысқа қабылданады. Өзінің бар күшін ұстаз ғылымға жұмсайды.

В. В. Поляков пен оның оқушыларының ғылыми зерттеулері біздің облыс үшін маңызды. Мәселен, Владилен Васильевичтің ғылыми жұмыстары онкологиялық аурулармен және туберкулезбен күрес мәселесін шешуге бағытталған. Биологиялық белсенді препараттарды жасау үшін бальзам терек қолданылады. Одан "Тополин" және "Эфматол" сияқты препараттар алынды. Бұл дәрі-дәрмектер ісікке қарсы, жара басатын және микробқа қарсы дәрілер ретінде клиникалық сынақтан сәтті өткен.

Владилен Поляков – 265 баспа жұмысының авторы, КСРО 13 авторлық куәлігінің, 11 патенттің, 2 монографияның, 5 оқу құралының иегері. Ол "ҚР Білім беру үздігі" белгісімен, "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен, "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төс белгісімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Ғалым тек өңірімізге ғана емес, республика бойынша танымал профессорлардың бірі.

Жиын сонында  «Таным жолымен тануға» атты кітап және препараттар көрмесі таныстырылды. Жалпы салтанатты жиынға қатысқандар ғұламаға жылы лебіздерін білдіріп, Владилен Васильевичтің ерекше қырларын сөз етті.

21.08.2019